"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ДЕТСКАЯ МУЗЫКАЛЬНАЯ ШКОЛА ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарлама

11.08.2023

✅ «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 22 желтоқсан №513 бұйрығының «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде  бос лауазымдарға вакансия жариялайды:
✅ 1. Теориялық пәндер ( сольфеджио, музыка әдебиеті)  оқытушысы - 27 сағат,  жалақысы біліктілік талаптарына, жұмыс өтіліне атқаратын лауазымына сәйкес.
✅ 2. «Эстрадалық вокал» пәні оқытушысы-18 сағат, жалақысы біліктілік талаптарына, жұмыс өтіліне атқаратын лауазымына сәйкес.
✅ 3.  Директордың оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасары 1 ставка, жалақысы біліктілік талаптарына, жұмыс өтіліне атқаратын лауазымына сәйкес.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Директордың оқу және тәрбие ісі бойынша орынбасары үшін: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
✓1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
✓2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
✓3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
✓4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
✓5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
✓6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
✓7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
✓8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
✓9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
✓10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Орталығымыздың мекен-жайы: Бөгенбай көшесі, 93. Телефон: 2-31-26, 8775 315-48-30, электрондық почта: muzykalka93@mail.ru

Просмотров: 3592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст