«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 22 желтоқсан №513 бұйрығының «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде 2024 оқу-жылына бос лауазымдарға вакансия жариялайды:
✅ 1. "Эстрадалық вокал" сыныбының оқытушысы - 27 сағат, жалақысы біліктілік талаптарына, жұмыс өтіліне атқаратын лауазымына сәйкес.
✅ 2. «Фортепиано» сыныбының оқытушысы - 27 сағат, жалақысы біліктілік талаптарына, жұмыс өтіліне атқаратын лауазымына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
✓1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
✓2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
✓3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
✓4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
✓5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
✓6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
✓7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
✓8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
✓9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) немесе
педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
✓10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Мектебіміздің мекен-жайы: Абай Құнанбаев көшесі 123. телефон: 5-03-29,
электронды мекен-жай: ereymen_muz@mail.kz